Ақын жұртты 5 мың шығарып 500 мың ұтқан әріптесінен сабақ алуға шақырды
Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен бір оқиғаны баяндап, адамдарды үнемі қайыр-садақа беріп жүруге шақырды.
Фото: instagram.com/aidyn_nury/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айтыскер ақын әрі тележүргізуші Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жиі басынан өткен оқиғаларын, ақыл-кеңестерін, тамақ жасау тәсілдерін бөлісіп отырады. Бұл жолы ол айтыстағы қарсыласының ойламаған жерден айтысқа қатысып, бас жүлдені алып кеткенін баяндап берді. Өзі осы кезде бірінші орынды қанағат тұтқан екен.
Айнұр Тұрсынбаева айтысқа қарсыласы келмейтін болған соң қатысудан бас тартады. Алайда ұйымдастырушылар өзге әріптесін шақыртып беретіндігін айтады.
Сөйтіп айтыскердің өзі концертке жарты күн қалғанда ақын іздеуге кіріседі. Ақыры досын шақырады. Осылайша айтыстағы досы бірнеше сағат ішінде межеленген жерге ұшып келеді. Әбестік болмас үшін Тұрсынбаева ақынның есімін жасырып қалды.
“Бiр оқиға есiме түсiп кеттi. Осыдан 2-3 жыл бұрын Алматыда айтыс болатын болып, мен Ақтөбелiк Аянмен айтысатын болғанмын, бiрақ айтысқа жарты күн уақыт қалғанда Аянның келмейтiнi белгiлi болды. Қарсыласым болмаса мен де қатыспай-ақ қояйын деп өтiнiш айтып едім ұйымдастырушылар қарсы болды. Сонымен қатысатын ақын iздеп кеттiк.
Бәрi бос емес, қолы бостары алыста, 5-6 сағатта Алматыға жете алмаймыз дедi. Сөйтiп отырғанда бiр әрiптесiме (рия болмас үшiн атын айтпағанды жөн көрдiм) хабарлассам, айтыс болатынын бiлмейдi екен..”Тез билет ал да ұш” деп асықтырып, содан қойшы әйтеуiр ұшақпен ол да келдi, (билетті ұйымдастырушылар онлайн әпереді) айтыс та басталды. Өте қызықты өткен айтысты халық та керемет қабылдап әрiптесiм бас жүлдеге бес жүз мың теңгенi ұтып алды.
Мен 1 орынға мәз болдым. Артынан демалып шәй iшiп отырғанда одан “Қалай келдiң, қалай үлгердiң?” деп сұрадым. Ол айтады “Таңертең мешiтке барып намаз оқып шықсам бiр бала қайыр сұрап тұр екен. Жағдайы өте нашар екені түрінен байқалып тұрды. Көмектесе қояйын десем қалтамда әйелiм сүт, нан әкел деген 5 мың теңгем ғана бар болатын. Содан не істеймiн деп ойланып қалдым. Қайыр тiлеген балаға сүт алуым керек дегенiм ұят, әрине. 2 мыңын қайтарып бер деп тағы айта алмаймын. Қой бiр мәнiсi болар деп бар ақшамды берiп кеттiм де, үйге сүтсiз қайттым.
Сөйтiп отырғанда сен хабарластың, сонымен таңертең берген 5 мын теңгемдi жомарт Алла 500 мың қылып қайтара салды ғой, Аллаға шүкiр” деп шүкіршілігін айтты. Садақа берген адам кедейленбейдi, керiсiнше садақа береке әкеледi деген хадистiң дәлелi осы мысалдан көрiнiп тұр. “Жарты құрмамен болса да садақа берiңдер” деген пайғамбарымыз с.а.у.” – дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Мұнымен қатар, ол айтыстағы әріптесінің өлең шұмақтарын келтіріп, өзін ғайбаттамауға кеңес берді.
Жіберіп алмаңыз:
Айнұр Тұрсынбаеваның кеңесіне құлақ асқан әйел бала көтерген
Айнұр Тұрсынбаева: Қызым өсіп, үйде күнде айқай-шу
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қажылыққа барды
“Өнер қырандары” Айнұр мен Балғынбекке пародия жасап, олардың өздерін күлкіге қарық қылды (видео)