"Түркиядан пәтер алдық": Актер Тәуекел Мүсілім шетелге қоныс аударатынын айтты
Танымал актер Тәуелкел Мүсілім Revue news бағдарламасында өміріндегі және шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/mussilim
Жақында Алматыда қазақстандық көрерменімен қауышқан түркиялық танымал актер Бурак Озчивит Тәуекел Мүсілімге бірге жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Отандық актер шығармашылық өзгерістерге дайын екенін жеткізіп, қоныс аударуға Бофор жағасындағы пәтерін күтіп отырғанын айтты.
“Түркиядан пәтер алдық қой. Сол пәтерді күтіп отырмыз. Осы жылдың аяғында дайын болып қалады. Сол жерге барып, сол ортаға кіру жоспарда бар. Жарты жыл, бір жыл сонда жүріп, Стамбул қаласында кастингке қатысып, бағымды сынап көремін”, – дейді Тәуекел Мүсілім.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім түркиялық актер Бурак Озчивиттің өзін киноға ұялғанынан шақырғанын айтқан болатын.
Талқылау