Түркиядағы орман өртінен 140 адам зардап шекті
Түркия ішкі істер министрі Әли Ерікая елдің солтүстік-батысындағы орман өртінен жүз қырықтай адам зардап шеккенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зардап шеккендердің көбі көмірқышқыл газынан уланған. Төрт адам ауруханаға жатқызылды.
Ішкі істер министрлігі басшысының мәлімдеуінше, өрт үшінші дәрежелі өртке жатқызылған, бұл ұлттық ауқымдағы ірі өрт саналады.
Өртті сөндіруге 1645 өрт сөндіруші, 16 ұшақ, 489 жерүсті техникасы, 145 ерікті және 94 іздеу-құтқару қызметкері жұмылдырылған. Өрт бақылауға алынғанымен, әлі толық сөндірілген жоқ.
Апат кесірінен елді мекендерде электр жарығы мен газ беру тоқтатылды.
Қазір құзырлы органдар келтірілген шығынды есептеп жатыр.
Талқылау

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
Кей ата-аналар мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты

"Әр адам қай тілде сөйлесе де, өзі біледі": Қазақша қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны жұмысын тоқтатты
Қазақстандықтар қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан Алакөлдегі демалыс орны басшысы үстінен шағым түсірді