Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы қонақүй өртіне қатысты іс: 11 адамға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Фото: haberler.com

Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортында болған қонақүй өрті ісі бойынша 11 айыпталушы өмір бойы түрмеге қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberler порталына сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың қаңтарында Grand Kartal қонақүйінде шыққан өрт салдарынан 78 адам, соның ішінде балалар қаза тапқан. Сол кезде қонақүйде 238 адам болған, тағы 130-дан астам демалушы түрлі жарақат алған.

Оқиға бойынша барлығы 15 күдікті ұсталып, сот алдында 32 адам, соның ішінде қонақүй қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері жауап берді.

Сот 11 айыпталушыны әрбір қаза тапқан бала үшін – 34, ал ересек қаза тапқандар үшін 44 өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ешқандай жеңілдететін жағдай ескерілген жоқ. Сотталғандардың арасында қонақүй иесі де бар.

Айта кетейік, қонақүй иесі тергеу кезінде трагедияға қызметкерлерді аспазды, асхана жұмысшыларын, электрикті және күзетшілерді кінәлаған еді.


Апат болса құтқару көмегін тез шақырады: Қазақстанда жүргізушілерге SOS батырмасын орнату талқылануда


Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде газ жарылып, 5 адам зардап шекті (видео)


Еске салайық, бұған дейін Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортындағы Grand Kartal қонақүйінде 21 қаңтарға қараған түні шыққан өрттен 78 адам қаза тапты. Тергеу барысында 15 адам күдікті деп танылып, олардың арасында жергілікті билік өкілдері мен төтенше жағдай қызметінің басшылары бар. Қонақүй иесі қайғылы оқиғаға қызметкерлерді кінәлады. Президент Режеп Тайип Ердоған тергеудің әділ өтуін қамтамасыз етуге уәде берді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 01 Қараша, 2025 10:35
Талқылау