Түркиядағы қазақстандық студенттер мен қандастар елдегі оқу орындарына ауыстырылады – Министрлік
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің жоғары оқу орындары Түркияда білім алатын қазақтар мен қандастарды оқуға қабылдауға дайын екендігін жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезінде, соғыс уақытында, немесе елдегі қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында студенттерді шетел университеттерінен елге ауыстыру оқу жылы ішінде жүзеге асырылатынын айтты.
Қазақстан елшілігінің мәліметінше, бүгінде Түркияда 8 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Оның ішінде 11-і "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары және 190-ы отандық жоғары оқу орындарының академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алуда.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан