Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үй берілді
Түркия президенті Реджем Ердоған Кахраманмараш пен Газиантепте жер сілкінісінен зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілтін табыстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Газиантепте жоспарланған 50 мың пәтерге қосымша тағы 50 мың пәтер салынатынын мәлімдеді. Сондай-ақ зілзала болған аймақта орналасқан қалалар мен елді мекендерде инфрақұрылым жаңартылады дейді.
"Қуатты жер сілкінісінен 15 күн өткен соң жаңа үйлердің іргетасы қаланды. Апат болған аймақта 507 мың пәтер мен 143 мың жеке үй салынады. Оның 319 мыңы 1 жыл ішінде беріледі. 60 мың пәтердің іргетасы қаланды. Жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Біздің міндетіміз – жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарды жаңа үйлерге барынша тезірек қоныстандыру", – деді Түркия президенті.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш қаласында 7,7 және 7,6 балдық қуатты жер сілкінісі болған еді. Салдарынан 50 мыңнан аса адам көз жұмды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”