Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы жер сілкінісінде үйінді астында қалған мысық 49-шы күні құтқарылған

Түркияның Кахраманмараш провинциясында ақпан айындағы жер сілкінісінен соң 49 күн үйінділердің астында жатқан мысық табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu сайтына сілтеме жасап.

мысық түркия

Хан есімді екі жасар британдық мысық жер асты дүмпуі кезінде ғимаратта қалып қойған. Мысық 36 жастағы туристік агент Нида Динаның отбасында тұрады. Бірінші жер асты дүмпуі кезінде әйел баласымен қашып құтылған, ал мысық шықпай қалған. Екінші толқын кезінде 11 қабатты ғимарат толығымен қирады.

Әйел бір айдан астам уақыт үйдің қирандыларына келіп, үй жануарын іздеген. Жергілікті тұрғындардан сұрап, үйлерді қарап, мысықтың суреттерін көрсеткен. Үйінділердің арасына барып, мысықты шақырған. Ақыры жануар табылды.

"Бұл біз үшін ғажайып. Соңғы сәтке дейін үмітімді үзген жоқпын. Оны экскаватор мен үй иесі асүйдегі кілемде жатқан жерінен тапты. Содан кейін оны ветеринарға апардық", – деді әйел.

Қазір Хан оңалтудан өтуде. Оның табаны сынып, денесінің кеуіп кеткені анықталды, сонымен қатар ағзасы да зақымданған болуы мүмкін.

Талқылау