Түркияда жер сілкінді
Түркияның Адыяман қаласында 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Жергілікті апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, кеше күндізгі сағат 16:26-да Адыяманның Синжик ауданында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 7 шақырым.
Сонымен қатар артынан 20 минут өтер өтпестен Малатья қаласының Пүтүрге ауданында 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Оның тереңдігі 13,8 шақырымға жеткен.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, қауіпті жағдай тіркелген жоқ. Дегенмен тұрғындардың бойын үрей биледі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”