Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда ұсталған Astana LRT-ның экс-басшысы неге елге жеткізілмеді – Бас прокуратура түсіндірді

Фото: Astana LRT

Бас прокуратура басшысының орынбасары Әсет Шындалиев Astana LRT-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданның ұсталғанына бір ай өтсе де, неліктен әлі Түркияда екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратура басшысының айтуынша, іздеуге байланысты жұмыстарды жедел қызметтер атқарады. Сондықтан бәрі олардың жұмыс жылдамдығына байланысты.

"Қазақстандық құқық қорғау органдары шетелге барып, өздері іздеу жүргізе алмайды. Шетелдік арнайы қызметтер Интерпол арқылы жұмыс істейді. Сондықтан Арданды Түркия полициясы ұстады," – деді бас прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ ол шетелдік арнайы қызметтермен өзара әрекет ету тетігін түсіндірді.



"Біз халықаралық іздеу жариялаймыз, ол Интерпол базасына енгізіледі және бүкіл әлем бойынша іздеу басталады. Адам табылған кезде оны ұстау шаралары қабылданады. Өздеріңіз білетіндей, Талғат Ардан Түркияда ұсталды. Қазір ол Түркияда қамауда отыр. Ол әлі Астанаға жеткізілген жоқ. Біз Түркия тарапына барлық қажет құжатты жібердік. Қазір олар материалдарды қарап жатыр және шешім қабылдайды. Арданның Қазақстанға қашан экстрадицияланатыны әзірге белгісіз. Себебі экстрадиция мәселесі Түркия заңнамасына сәйкес реттеледі. Сондықтан біз бұл процесті жеделдетуді талап ете де алмаймыз. Бұл – олардың ішкі заңына бағынатын рәсім," – деді Әсет Шындалиев.

Еске салсақ, "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 13:39
Талқылау