Түркияда ұлтшыл топтың белгісі бар адам мешітке шабуыл жасады: Зардап шеккендер бар
Түркияда Эскишехир Тепебаши мешітінде теракт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberturk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Мешітке пышақ пен балтамен қаруланған, қара киінген ер адам басып кірген. Оның киімінде ұлтшыл “Мертвая голова" танктік дивизиясының белгілері болған. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер бар.
Лаңкес шайханада отырған бес адамды пышақтап кеткен екен. Полиция патрулі жақын жерде болып, оны дереу ұстады. Анықталғандай, шабуылдан кейін лаңкес қашып кетпек болған, бірақ тәртіп сақшылары оны тез арада қолға түсірген.
Зардап шеккен бес адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Алайда олардың екеуі ауыр халде. Дәрігерлер оларды аман алып қалу үшін күресіп жатыр.
Мешітке жасалған шабуылға компьютер ойынындағы жанжал себеп болды деген де нұсқа бар, алайда бұл ақпаратты әзірге ешкім растаған жоқ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”