Түркияда түнгі клуб күзетшісінің саусағын тістеп алған қазақстандық тергеу изоляторынан босатылды
Түркиядағы Қазақстанның бас консулдығы Ыстамбұлдағы түнгі клубта күзетшілермен қақтығысқан Ұлбосын Малғаждарованың тергеу изоляторында жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2021 жылғы 11 шілдеде Ыстанбұл қаласының түнгі клубтарының бірінде қазақстандық үш азаматшаның қатысуымен келеңсіз оқиға орын алған.
"Түнгі клубтың күзетшiлерi мен қазақстандық азаматшалар арасында туындаған түсініспеушілік қол көтеруге дейін жеткен . Күзетшiлердiң соққыларынан қорғанған ҚР азаматшасы Ұлбосын Малғаждарова күзетшілердің бірінің саусағын тістеп алған . Нәтижесінде дене жарақатын келтiргенi үшiн полиция Ұ.Малғаждарованы қамауға алды.
"Орын алған оқиға бойынша не аталған азаматшалар, не олардың жақындары Қазақстанның Түркиядагы елшілігіне жүгінген жоқ . ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығы болған жағдайды өз күштерімен анықтап, тиісті консулдык қолғабыс көрсету шараларын қолға алды. Мәселені шешу максатында дереу Түркияның тиісті органдарымен байланыс орнатылды. Түркияның Сыртқы iстер министрлiгi өкiлдерiмен арнайы кездесу өткiзiлiп, мәселенің тез әрі әділетті шешiлуi сұралды .Бас консулдық қызметкерлері Ұ.Малғаждарованың жағдайын көру мақсатында уакытша ұстау изоляторына барып, өзімен кездесу өткізді”, – деп мәлімдеді консулдық.
Сондай - ақ , оның адвокатымен бірнеше рет кездесу еткізіп, тұрақты түрде телефон арқылы ақпарат алып, азаматшамыздың жағдайы мен соттағы iсi туралы туыстарын хабардар етіп тұрды. Сондықтан азаматшаның туыстарының
26 қазанда Ұ.Малғаждарованын iсi бойынша еткен сот отырысына Бас консулдык кызметкерлері де қатысты.
Сот шешіміне сәйкес , Ұ.Малғаждарова сот ici аяқталғанға дейін Түркиядан шықпау шартымен изолятордан босатылды. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Түркия азаматтарының үстінен қарсы шағым түсірілген. Бас консулдык Ұ.Малғаждарованың сот ісін аяқталғанға дейін бақылауда ұстап, барлық көмек көрсетуді жалғастырады .

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
