Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда ер адам жастықтағы кенені өлтірмек болып, үлкен орманды өртеп жіберген

Түркиядағы орман өрті cnnturk

Фото: Сnnturk

Түркияның Маниса провинциясында сот кенені өлтірмек болған ер адамды қамауға алды. Ол 12 гектар жерді жалмаған орман өртін тұтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN Türk арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрагим Юмаклының айтуынша, кейінгі бес күнде елде 340-тан астам өрт тіркелген. Сейсенбі күні өрт сөндірушілер елдің әртүрлі аймағында болған тоғыз орман өртін сөндіруді жалғастырып жатыр.

"Манисадағы өрт ауыл шаруашылығы алқаптары мен орманды қоса алғанда 12 гектар жерді жойып жіберді. Өрттің шығу себебін тексерген жандармерия Озджан Ташханды ұстады. Тергеу барысында ол жастықтан кене тауып, оны өртеп, кейін баққа лақтырғанын айтты. Сот оны қамауға алды", – делінген хабарламада.

Әдетте кенелерден Түркияның солтүстік провинцияларының тұрғындары жыл сайын зардап шегеді, бірақ биылғы аптап ыстықтың салдарынан олар Ыстамбұл мен Антальяда да пайда болған. Сивас провинциясында биыл кене шаққаннан кейін Конго-Қырым қанды безгегі жұқтырып, он адам қайтыс болған.


Түркияның Измир қаласы маңында орман өртеніп жатыр: Жүздеген адам эвакуацияланып, әуежай уақытша жабылды


Алматы облысындағы қоқыс полигонында өрт шығып, жол жабылды


Еске салайық, бұған дейін Грекияда орман өртін тудырды деген күдікпен яхтаның капитаны мен лейтенанты ұсталғанын жазған едік. Қалған 11 экипаж мүшесі кепілмен босатылды. Капитан отшашу болмағанын айтып, кінәсін мойындамай отыр. Жағалау күзеті бұл деректі растады. Қазақстан азаматтарының бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 02 Шілде, 2025 16:00
Талқылау