Түркияда енді ұшақ қонғаннан кейін түсу үшін асығыстық танытқан жолаушыларға айыппұл салынады
Фото: istockphoto.com
Түркияда енді ұшақ қона сала орнынан тұрған жолаушыларға айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haber Gazetesi басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа ережеге сәйкес, әуе кемесі толық тоқтап, қауіпсіздік белдігін тағуға арналған белгі сөнбей тұрып орнынан тұрған, жүк сөрелерін ашқан немесе ұшақ ішінде қозғалған жолаушыларға айыппұл салынады. Turkish Airlines әуе компаниясы жаңа ережелер туралы экипаж мүшелеріне ескерту жасады.
Экипажға дәстүрлі "қоштасу хабарламасынан" кейін қосымша ескерту жасау тапсырылған. Бұл жолаушыларға орнынан тұруға рұқсат берілгенге дейін өз орындарында отыру қажеттігін еске салуға бағытталған.
Ақпаратта мұндай шаралар жолаушылардың тәртібін арттыруға, сондай-ақ борттағы қауіпті жағдайлардың алдын алуға арналған.
Ұшақ толық тоқтамай тұрып орнынан ерте тұрғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 20 000 түрік лирасына тең (шамамен 260 мың теңге).

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
