Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда апатқа ұшыраған қазақстандықтардың шығынын кім төледі - СІМ ресми өкілі жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда қазақстандық азаматтардың қатысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша төрт отандасымыз Алания емханаларында қажетті ем қабылдап жатыр. Ауыр жарақаттан екі адам қайтыс болды.

"Барлық медициналық қызметтер мен мәйіттерді елге қайтару бойынша шығындарды сақтандыру компаниясы көтерді. Бұл туристер демалыстарын жауапкершілікпен өткізді және сақтандыру полистерін алды", - деді СІМ ресми өкілі.

Бұған дейін түрік ақпарат құралдары Қазақстаннан келген туристер болған шағын автобустың апатқа ұшырағаны туралы видеоны жариялаған болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Аланияда шағын автобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын растады.

"Соқтығыс салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала мәлімет бойынша, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Барлық мән-жай мен қандастарымыздың жағдайын анықтау үшін консул дереу осы өңірге аттанды", - деді Смадияров.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркияның Алания аумағында болған жол апатында зардап шеккен қазақстандықтар және Жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтар туралы жазған едік.
 

Талқылау