Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия не себепті Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты?

5 тамыз күні Түркия үкіметі бірнеше мемлекеттермен әуе қатынасын тоқтату туралы шешім шығарған. Олардың арасында Қазақстан да бар. Өз кезегінде Түркия билігі не себепті мұндай қадамға барғандарын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. ұшақ

Түркия Қазақстанның коронавирус пандемиясына қарсы атқарып жатқан шараларды жоғары бағалап, екі рет гуманитарлық көмек жіберген. Бұл туралы еліміздегі Түркия елшілігінің өкілдері айтып берді. 

Әлемдегі эпидемиялогиялық ахуал тұрақтанғаннан кейін Түркия билігі әуе қатынасын, оның ішінде Қазақстан мен мемлекет арасындағы ұшақ рейстерін қайта іске қосу туралы тоқтамға келген. Алайда көп ұзамай 5 тамыз күні екі ел арасындағы әуе байланысына қайта шектеу қойылыпты. Яғни қазақстандық барлық әуе ұйымдарының ұшағына Түркияға кіруіне тыйым салынған. Алдағы уақытта жағдай оңалса, өзгерістер енгізілуі мүмкін екен. 

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатқаны жайлы айтылған еді. 

Талқылау