Түркия Газаға жасалған шабуыл үшін Израиль басшысы мен бірнеше шенеунікті тұтқындауға ордер берді
Фото: point.md
Стамбұлдың Бас прокуратурасы 36 жоғары лауазымды израильдік шенеунікті қамауға алуға ордер берді. Олар Газа секторында геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Айыпталушылардың қатарында қорғаныс министрі Исраэль Кац, ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир және штаб бастығы Эяль Замир бар.
“Израиль осы күнге дейін Газа секторында Израиль жүйелі геноцид пен адамзатқа қарсы қылмыс жасады. Оның салдарынан мыңдаған адам, соның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты. Тағы мыңдағаны жараланып, елді мекендер жермен-жексен болды”, – делінген Ыстамбұл Бас прокуратурасының мәлімдемесінде.
Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады
ХАМАС кепілге алынған мәйіттерді беруді кешіктіріп жатқандықтан, Израиль Газаға сес көрсетті
Сондай-ақ Израильдің “Бостандық флотилиясына” қатысты әрекеттері де атап өтілген. Биыл қазанда Израиль гуманитарлық көмекті Газа секторына жеткізбек болған флотилия кемелерінің бірін тоқтатып алған. Сол кемелердің бірінде швед экобелсендісі Грета Тунберг те болған еді.
Израиль басшылары Түркиядан тыс жерде болғандықтан, Стамбұл қылмыстық соты сырттай қамауға алуға ордер берді.
2024 жылы Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрін соғыс қылмыстары бойынша тұтқындауға ордер берген еді.
Айта кетейік, бұған дейін Израильде 200 мыңға жуық діндар әскерге шақыруға қарсы жаппай наразылыққа шыққан еді.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?