Түркияда қуатты жер сілкінісі тіркелді
Фото: zamin.uz
Түркияның ең ірі қаласы Ыстамбұлда магнитудасы 6,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркияның төтенше жағдайдар министрлігі 16 миллионнан астам тұрғыны бар мегаполисте кейінгі жылдары болған ең күшті жер сілкіністерінің бірі болғанын атап өтті. Әзірге қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда кейбір аудандарда тұрғындар ғимараттардан эвакуацияланған.
TGRT телеарнасының хабарлауынша, Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара кезінде бір адам балконнан секіріп, жарақат алған.
Ал америкалық геологиялық қызметі зілзаланың 10 шақырымнан аз тереңдікте орналасқанын айтады. Ал эпицентрі Ыстамбұлдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 40 шақырым жерде, Мәрмәр теңізінде болған.
Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жер сілкінісі көршілес провинцияларда да сезілгенін жазып, жараланғандарға тез сауығып кетуін тіледі. Бірақ зардап шеккендердің нақты саны туралы айтқан жоқ.
Қазақстан 9 балдық жер сілкінісіне дайын – Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстандықтар тұрғын үйді сақтандыру үшін қанша төлеуге міндетті болады
Айта кетейік, Түркия екі ірі геологиялық жарық сызығының бойында орналасқандықтан елде жер сілкіністері жиі болады.
Еске салайық, 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы 11 провинцияда 7,8 және 7,5 балдық екі қуатты жер сілкінісі тіркелді. Бірнеше мың афтершоктардан кейін жүздеген мың ғимарат қираған немесе бүлінген. Осылайша, 53 мыңнан астам адам көз жұмды. Сонымен қатар көршілес Сирияның солтүстік аймақтарында тағы 6 мың адам қаза тапты.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
