Түркістандық шенеунікке пара алғаны үшін 23 миллион теңге айыппұл салынды
Биылғы жылдың 24 наурызында Түркістан қалалық соты Түркістан облысы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Дадаметовті мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым сала отырып, 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған лауазым иесі Түркістан облысының "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлері Атанбеков, Налибаев, Пірәлиев және Камалдан жеке тұлғаларға зейнетақыны кедергісіз тағайындағаны үшін 30-дан 150 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”