Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандағы жасырын цехтен 8 тоннадан астам кір жуғыш зат тәркіленді

Түркістанда контрафактілік өнімдерді дайындаған цехтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

кір жуғыш

Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қылмысқа қатысы бар адамдарды, оның ішінде контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушыны анықтады. Цехте төрт адам жұмыс істеген, олардың үшеуі түркістандықтар, біреуі – Өзбекстан азаматы.

Үйдің ауласын тінту кезінде жедел қызметкерлер шамамен 200 дана мөлшерінде 40 кг-дық қаптарға салынған ұнтақ тапты. Қаптардың жалпы салмағы 8 тоннадан асты. Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Ер адамдар ұнтақты полиэтилен пакеттерге салып, Ariel, Миф, Tide және Persil сияқты кір жуғыш заттардың танымал брендтерін қолдан жасады", –  делінген хабарламада.

Жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Талқылау