Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жоғалып кеткен 11 жасар қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысы Арыс-Түркістан суармалы каналынан жоғалып кеткен 11 жасар қыздың денесі табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Түркістан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы сағат 10:10-да оқиға орнынан 11 км жерде қыздың мәйіті судан алып шығарды. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 наурызында шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді. Полицейлер Інжумен бірге ойнаған көрші қыздан олардың су ағып жатқан каналға барғанын, және құрбысының абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 30 Наурыз, 2023 09:57
Талқылау