Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Абайсызда каналға құлап кетті”. Түркістанда із-түссіз жоғалған 11 жасар қызға қатысты тың дерек шықты

Түркістандық полицейлер 11 жасар қыздың із-түссіз жоғалуына байланысты жаңа ақпараттар алды. Інжумен бірге ойнаған құрбысы оның каналға құлап кеткенін айтқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасындағы ақпаратқа сүйенсек, көшедегі бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды. 

Тіпті полицейлер Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғанын, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғанын білген. 

Қазір полицейлер осы бағыт бойынша қайта жоспар құрып, іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырды. Іздеу жалғасуда.

Еске салайық, Stan.kz бұған дейін Түркістанда 11 жасар қыздың із-түссіз жоғалып кеткенін жазды.

Талқылау