Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда құдық құбырына құлап кеткен 29 жастағы қыз құтқарылды

Түркістанда 29 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kolodes-profi.ru

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қызды құтқаруға 31 адам жұмылдырылған. 

“Бүгін сағат 09:18-де 1994 жылы туған азаматшаның Түркістан облысы Майтөбе ауылының маңындағы ашық алаңда орналасқан дренаждық құдыққа құлағаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 12:06-да жергілікті тұрғын құдыққа түсіріліп, 12:14-те қызды құдықтан ес-түссіз күйде шығарып алды”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті, жедел жәрдемнің, полицияның 31 адамы және 5 техникасы жұмылдырылған. 

Бұған дейін Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағанын хабарлаған едік. Төтенше жағдайлар министрлігі оның денесі суару каналынын табылғанын мәлімдеді. 

Талқылау