Түркістан облысында жоғалған баланың денесі табылды
Түркістан облысында Біртілек ауылында жоғалған баланың денесі табылды. Оның жоғалғаны туралы ақпарат кеше түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: facebook желісінен
Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен.
Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.
“Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды.
Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып