Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан шетелдік азамат ұсталды

Түркістан облысында тәртіп сақшылары экстремистік сипаттағы материалдарды таратты деген күдікпен шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері радикалды діни идеяларды жақтайтын таяу шетел азаматын ұстады. Күдікті әлеуметтік желілерде халықаралық лаңкестік ұйымдардың уағызшыларының бейнероликтерін және терроризм идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан.

Тінту кезінде жедел уәкілдер күдіктіден заттай айғақ болатын материалдар бар екі ұялы телефонды тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір осы іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
 

Талқылау