Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда аптап ыстықта тас жолда жұмыртқа қуырған азаматтардың видеосы тарады

Түркістан облысында аптап ыстықтың болғаны соншалық тұрғынның тас жолдың үстіне жұмыртқа қурып түсірген видео желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Желіде тараған видеода ерлер тас жолдың үстіне табаны қыздырып, кейін сары май салады. Май ыстықтан еріп кетеді. Кейін олар жұмыртқаны салып қуырғандарын көрсеткен.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, Түркістанда дүйсенбі және сейсенбі күндері ауа температурасы +43, +45 градусқа жетеді.


Гүлсезім Мұхатай
Дүйсенбі, 25 Шілде, 2022 16:18
Талқылау