Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны өз ұлына учаскелік инспектордың есімін берген

Түркістан облысының тұрғыны өз ұлына учаскелік инспектордың есімімін берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды.  

фото

Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінің жергілікті тұрғыны Виталий Барабаш өзінің екінші ұлының есімін учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Темірханұлының атымен атайды.

Өйткені ол Виталидің отбасына бүгінгі күнге дейін жақынындай жәрдем беріп келеді. Оған қоса жұбайы ұлын босанар кезде жедел әрекет етіп, қызметтік көлігімен перзентханаға жеткізуге көмектесіпті.

Оқиға 2019 жылдың күз мезгілінің ортасында болған. Кешқұрым учаскелік инспектор Нұрбол Темірханұлынан Үшқайық ауылдық округінің тұрғыны көмек сұрайды. Ер азамат босанайын деп отырған  әйелін жедел жәрдемге жеткізе алмай отырғанын айтады.

Шұғыл көрсетілген мекенжайға жеткен полиция қызметкерлері жарты сағат ішінде жетіпті. Олар ауыл тұрғыны мен жүкті жұбайын қызметтік автокөлікке отырғызып, Кентау қаласындағы перзентханаға алып барған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Қараша, 2020 16:09
Талқылау