Түркістан облысының тұрғыны министрліктен 47 млн теңгесін ала алмай жүр

Түркістан облысының тұрғыны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен 47 млн теңге алашағын сұрап жүр. Бірінші топ мүгедегі, өндірістен алған жарақатының өтеуін 2007-ші жылдан бері даулап келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

45 жастағы Дастан Орынбасаровтың арбаға таңылғанына биыл 13-ші жыл болыпты. Ол Кереку аумағындағы кен орнында, өндірістік жарақат алғанын айтты. Жер астында салмағы 500 келі болатын тас үстіне құлапты. Арада талай сот болып, өндірістік мекеменің кінәсі дәлелденгенмен, өтемақы әлі өтелмеген. Ақыр соңы басы дауға қалған компания жабылып тынды. Бірақ іс мұнымен бітпеді. Биыл шілдеде қайта қаралып, өтемақыны министрлік төлеуге міндеттелген. 

"Жаңағы мекеме бонкрот болғаннан кейін заң бойынша мемлекет болады мирасқоры. Сол 2020 жылғы анықтамамен мен еңбек министрлігіне жібердім. Еңбек министрінің орынбасары Оспанқұлов айтты: "сіздер неге бересіз, мұны біз төлемейміз, Есіл аудандық сотына беріңіз",-  деді.  Есіл аудандық соты арқылы төлейміз, басқа соттарды мойындамаймыз деді", - деп назын айтты Кентау қаласының тұрғыны, I - топтағы мүгедек Дастан Орынбасаров.

Мемлекет есебінен 47 млн теңге өтемақы өндіру туралы шешімді, арызданушы азамат Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шағарған еді. Ал Нұр-Сұлтандағы Есіл аудандық соты өндіріс мүгедегін қолдай қоймапты. 

"Төрт бірдей заңды күші бар соттың шешімі бола тұра, Есіл аудандық соты Дастан Уалиханұлының талабын қанағаттандырмады", - деді Дастан Орынбасаровтың сенімді өкілі Әріпбек Жақыпбеков.

Қазір мүгедек арзымайтын жәрдемақыға жан бағып отыр. Әйелі де жұмыссыз. Мемлекет тиісті өтемақысын өтеп берсе шетелге барып емделгісі бар.

Есіл аудандық соты арбаға таңылған азаматтың талабы неліктен қанағаттандырылмағына қатысты сұқбат бермеді. Ауызша айтқанына сүйенсек, үкім әлі заңды күшіне енбеген. Амалы таусылған мүгедек аппеляциялық сотқа шағым түсіріпті. Ол ел президенттінен көмек сұрап отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр