Түркістан облысының құрылыс басқармасы облыста 2 жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген жұмысшыларға байланысты түсініктеме берді
Түркістан облысының құрылыс басқармасы облыста жұмысшылар 2 жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүр деген ақпаратқа байланысты ресми түрде түсініктеме берді.
Құрылыс басқармасының мәліметінше, Түркістан қаласында құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан №11 және №13 көшелердің (бұдан әрі-нысан, келісім шарттар 2020 жылд,ың мамыр және қыркүйек айында түзілген.) құрылысына Түркістан облысының "Құрылыс басқармасы" ММ-сі тапсырысшы болып табылады.
Жоғарыда аталған нысандардың құрылысы әлі аяқталмаған және толығымен пайдалануға берілмеген.
Бұл ретте, аталған нысандарға бас мердігер мекеме "Bazis construction" ЖШС-і болғандықтан, нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша келісім шарт аталған бас мердігер мекемемен түзілген.
“Сондықтан, келісім шарттың 8.8-тармағына "Қосалқы мердігерлердің болуы мердігерді шарт бойынша материалдық немесе өзге де жауапкершіліктен босатпайды" - деп көрсетілгендіктен, жаңалықтарда көрсетілген (4.08.2023ж КТК-телеарнасы), қосалқы мердігер мекемелерге төлемақы төлеу тапсырыс беруші яғни Түркістан облысының "Құрылыс басқармасы" ММ-нің құзыретіне кірмейді”, -делінген хабарламада.
Алайда осы күнге дейін атқарылған жұмыстардың барлығы ЖСҚ (ПСД) сәйкес жүргізіліп, жұмыс көлеміне сәйкес бас мердігер мекеме "Bazis contruction" ЖШС-не төлемақы жүргізілген.
Бұл ретте, қарызын өндіре алмай жүрген 12 мекеменің 130,0 миллионға жуық қаржысын төлеу Басқарманың құзыретіне кірмейді.
Еске салсақ, Түркістан облысында 12 компания мен оның жұмысшылары 2 жылдан бері еңбекақыларын ала алмай жүргенін хабарлаған болатынбыз.