Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында тау шыңын бағындырмақ болған қыздың өлі денесі табылды

Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, ол 3 күнге созылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Құрамында 10 адам бар Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының екі тобы қиын жағдайда «Сайрам» мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы азаматшаның денесін іздестіру және шығарып алу жұмыстарын жүргізді.

"Бұл күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұз өрмелеу федерациясының  6 альпинисі тартылды.  
Құтқарушылар альпинистермен бірге 25 тамызда сағат 14.50-де қар еру салдарынан пайда болған мұздықтың жарықтарынан қайтыс болған әйелдің денесін тауып алды. Табылған денені алудың қиындығы кез келген уақытта еріген қар түсіп, жарықшақты толтыруы мүмкін еді. Оның тереңдігі 10 метрден асатынын, ені 50 см екенін атап өткен жөн. Тар жарықшақта 6 метр деңгейде тұрып қалған марқұмның денесін шығару өте қиын болды", - дейді департаменттің баспасөз қызметі. 

Қайтыс болған азаматшаның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды. 25 тамызда құтқарылған зардап шеккен 1978 жылы туған ер адамның жағдайы бүгінгі күні қанағаттанарлық.  

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 10:30
Талқылау