Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жүргізуші көліктің үстіне адамдарды отырғызып алып тасыған (видео)

Түркістан облысында жолаушыларды көліктің төбесіне отырғызып алып бара жатқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

көлік

Әлеуметтік желілерде ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып алған бейнежазбасы тараған болатын. 

Бұл бейнені Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тексерді. Полицейлер "Жигулидің" иесі Ордабасы ауданының тұрғыны екендігін анықтады. Оған қатысты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 593-бабы «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша тіркеп, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2020 10:21
Талқылау