Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапқан. 



"ВАЗ көлігінің Volvo жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты", – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, жеті адам қаза тапқан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 19 Қараша, 2024 14:27