Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жанармай отынын заңсыз жолмен шетел асырған 94 іс тіркелді

Түркістан облысында жанармай және дизель отынын заңсыз шетел асырған 94 іс тіркелді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бензин

Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, контрабандистер 1,5 миллион теңге айыппұл төлеген. Олардың әрекетін мемлекеттік кірістер департаменті кеден бекеті қызметкерлерімен бірлесе анықтаған. 94 іс бойынша күдіктілер 341 литр бензин мен 25 335 литр дизель отынын шетел асырмақ болды. 

“Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 49, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 40/қе-қа бірлескен бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген”, - делінген ақпаратта. 

 


 

Талқылау