Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында ұстаздарды демалыс кезінде маска тігуге мәжбүрлеген

Түркістан облысында ұстаздарды медициналық маска тігуге күштеп салыпты. Сайрам ауданының оқытушылары демалыс кезінде тігінші болып қызмет етуге тура келді деп шағымданыпты. Ал егер бас тарқан жағдайда басшылық айыппұл саламыз деп қорқытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

ұстаздар

Аталған оқиға туралы жазба "Қазақстандық шағым кітабы" сайтында жарияланды. Өзін Айнұр деп таныстырған Түркістан облысының мұғалімі әрбір оқытушы 600 маска тігу керек деп мәжбүрлеп жатқандығын жеткізіпті. 

Nur Otan комиссиясы шағымын рас екендігін айтып отыр. Нәтижесінде Сайрам ауданы әкімінің орынбасары мен және білім беру бөлімінің жетекшісін партиялық жауапкершілікке тартыпты. 


Қазақстанда ұстаздар күні қашан аталып өтіледі?

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2020 13:55
Талқылау