Беделге нұқсан келтірді: Түркістан облысының шенеунігі төбелес үшін қызметінен кетпек
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысында мемлекеттік қызметкер қатысқан төбелеске қатысты, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған оқиға бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті қызметтік тексеріс жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеруден соң Түркістан облыстық мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға "лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Шешім оның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қабылданған.
"Этика кеңесі С.Жалықұлдың орынсыз, қоғамға қарсы әрекетін анықтады. Сондай-ақ оның қоғамдық моральдық-этикалық нормаларды бұзып, өзі өкілдік ететін мемлекеттік органның беделіне айқын нұқсан келтіргені белгілі болды", – делінген ақпаратта.
Агенттік мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен болатын жағдайларды, оның ішінде жағымсыз әрекеттерді және БАҚ-та жарияланған сыни материалдарды барлық өңірлерде тұрақты бақылап отыратынын атап өтті.
"Қол астындағы қызметкерді қорқытқан": Даулы видеодан кейін Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде мемлекеттік мекеме басшысы мен қызметкер арасындағы жанжал әдеп кеңесінде қаралып, екі тарап та сөгіс алды. Басшы Ерлан Ибрашев пен бас маман Айгүл Сейтмұхамбетованың дау-дамайы шілде айында кабинеттің ішінде басталып, кейін жиналыста одан әрі ушыққан. Әдеп кеңесі олардың екеуінің де қызметтік этиканы бұзғанын анықтап, "сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік