Түркістан облысында төбелеске қатысқан әкімдіктің басқарма басшысы қызметінен босатылады

Түркістан облысының этика жөніндегі кеңесі әкімдікке қарасты басқармалардың бірінің басшысын төбелеске қатысып, мемлекеттік қызмет беделін төмендеткені үшін қызметінен босатуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде бірнеше ер адамның қатысуымен болған төбелестің видеосы жарияланған еді.
Кейін анықталғандай, төбелеске қатысушылардың бірі Түркістан облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұл болып шықты.
Этика жөніндегі кеңес мемлекеттік органның беделін төмендеткені үшін басшыны қызметінен босатуды ұсынды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ресми құжатты күтіп отырғандарын, оны алған соң аталған қызметкерді қызметінен босататынын мәлімдеді.
"Әрине, бұл жағдай бізге жараспайды. Мемлекеттік қызметкерлердің беделіне нұқсан келтірді. Бүгін ресми құжат беріледі деп ойлаймын. Содан кейін біз, тиісінше, этика кеңесінің шешімін орындап, қызметтен босатамыз", – деді ол.
"Қол астындағы қызметкерді қорқытқан": Даулы видеодан кейін Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында мемлекеттік қызметкер қатысқан төбелеске қатысты, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған оқиға бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті қызметтік тексеріс жүргізгені хабарланған еді.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма