Түркістан облысында суға батып кеткен соңғы қыздың денесі табылды
Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен соңғы қыздың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бүгін сағат 14: 56-да Сырдария өзеніне 21 тамызда суға батып кеткен қыздың денесі табылды. Ол күні барлығы 11 адам суға батып кеткен еді. Оның ішінде сегізі кәмелеттік жасқа толмағандар.
ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды" - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 21 тамыз күні сағат 17:40-та Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментіне Отырар ауданы Көксарай елді мекеніндегі Сырдария өзенінің бойында 4 отбасыдан құралған 20 адам демалу барысында адамдардың суға кеткендігі туралы ақпарат түскен еді. Төтенше жағдай орын алған орынға келген кезде 20 демалушының 11-і суға батып кеткендігі анықталды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”