AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында судан тарыққан тұрғындар көлік тас жолын жауып тастады

Түркістан облысы Ақжар ауылының тұрғындары көлік қозғалысы жолын жауып тастаған. Жиналғандардың сөзінше, алты айға жуық уақыт бойы су мұнарасын жөндеп, ауылға су қайтара алмаған жергілікті биліктің назарын осылай ғана аударуға тура келген. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

туркистан облс тургындар

Халықтың төтенше шаралар қабылдап және жергілікті билікті Ақжар ауылындағы судың жетіспеушілігі мәселесіне назар аудартуға шенеуніктердің көп айлық әрекетсіздігі себеп болған.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдағы су мұнарасы жарты жылдан бері жұмыс істемейді. Осы себепті тұтынушылар жағымсыз иісі бар суды ішуге мәжбүр болып келеді.

"Су мұнарасындағы сүзгі бұзылған. Оны әрбір үш жыл сайын ауыстырып тұру қажет. Ал оны алмастырмағанына 8 жыл болды! Екі жыл қатарынан әбіржіп келеміз: бірін жөндесе, бірі бұзылады. Ал қазір мүлдем жұмыс жасамайды. Су лас күйде. Қазір біз ауыз суды литрін 1-2 теңгеге сатып аламыз немесе өзеннен барып аламыз. Ол жақта да жануарлардың өлексесі жатыр", - дейді Сарыағаш ауданының тұрғыны Әбдуәлі Сұлтанов.

Өзеннен су алу мүмкіндігі мәселені ішінара шеше алатын сияқты көрінгенімен 2020 жылы сарапшылардың сынамаларының негізінде бұл суды ішу денсаулық пен өмірге қауіпті деген қорытындыға келген.



Тұрғындардың аудан әкіміне жеткізген жағдайға байланысты жанайқайы жарты жолда қалып отырған.

"Бізге 6 миллион 758 мың теңге жөндеуге бөлінгенін айтты. "Бір айдың ішінде тұрғызамыз" деп құрғақ уәдесін үйіп төккен. Ал бұл серттен бері жарты жыл өтіп кетті. Қашанғы шыдауға болады!", - дейді Ілгербай Төребеков ашуға булығып.

Шенеуніктер тұрғындардың жолды жауып қою әрекетіне тез назар аударып, барлық аудандық деңгейдегі шенеуніктер ауыл тұрғындарымен кездесуге келді. Олардың айтуынша, су мұнарасын жөндеуді олар ұзақ уақыт бойы мердігерлерді іздеудің салдарынан уақытында жасай алмаған. 

"Мердігер компания қазіргі уақытта келісімшартқа отыруда. Келесі аптаға дейін біз жөндеу жұмыстарын жүргізуге тырысамыз", - деп сендірді Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев.

Наразылық білдірушілер әкімнің сөзін тыңдағанымен, оның уәдесі көпшіліктің сенімін тудырмады. Сондықтан ауыл тұрғындары тағы алдап кетсе жолды қайта жауып тастайтынын жеткізді. Бірақ бұл жолы республикалық жолды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр