Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында шетел азаматы көлікті ұрлап әкетіп, адам өліміне себепші болды

Түркістан облысының полицейлері мас халде бөтеннің автокөлігін заңсыз басқарып, жол-көлік оқиғасын жасаған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дтп

Полиция мәліметінше,  "Лада" жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жол жиегіне шығып, аунап кеткен. Жол апатының салдарынан автокөлік ішінде болған 3 жолаушы түрлі дене жарақатымен Қазығұрт ауданының ауруханасына жеткізілді. Ал 1 жолаушы сол жерде көз жұмған. Автокөліктің жүргізушісі болса оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. 

Күдікті азамат көп ұзамай сол маңдағы ауылдардың бірінде қолға түскен. Оның жол апаты орын алған сәтте мас болғаны анықталды. 

"Кейіннен анықталғандай көлік ішінде болғандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Олар Төле би ауданында бірге жұмыс жасап, үйлеріне қайту мақсатында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен", – делінген ПД хабарламасында.

Аталған жайт бойынша "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу", 345-бабы "Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" баптарымен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

Дидар Халық
Сәрсенбі, 07 Шілде, 2021 13:53
Талқылау