Түркістан облысында қаржы пирамидасын құрған 6 адам ұсталды
Түркістан облысының тәртіп сақшылары қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікпен 6 адамның ұсталғаны туралы хабарлады деп жазады Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, жүздеген қазақстандық бұл қаржы пирамидасына ақша салған. Полицияға облыстың Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының 317 тұрғыны шағым түсірді. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша тергелуде.
Жәбірленушілер аудандық полиция бекеттерінің жанына жиналып жатыр деген ақпарат бар. Полиция олармен түсіндірме әңгімелер жүргізеді, прокуратура да қосылды.
Еске салайық, бір күн бұрын Украинаның Қауіпсіздік қызметі Украина, Ресей және Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ірі қаржылық пирамидалардың бірінің қызметін әшкереледі. Жақында ғана қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп айыпталушылар Минскіден Қазақстанға экстрадицияланды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”