Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер азаматтың үстінен іс қозғалды

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.  

10 наурыз күні карантиннен қашып кеткен жігіт Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталыпты. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді. Алайда Шымкет қаласының тұрғыны медициналық мекемеден қашып кетіпті. 

Арыс аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, қашып кеткен ер адам Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тауыпты. Содан кейін Арыс қаласының жедел жәрдем дәрігерлерімен бірге ер адам қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Полицейлердің хабарлауынша, ер адам Вьетнамда жұмыс істеп, короновирустың салдарынан Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

Қазір оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетіпті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Маман: Аурудың жаппай эпидемияға айналуы екіталай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жетті

Ауру жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді

Қазақстандық спортшы теннистің жаңа жұлдыздары рейтингінде ТОП-10 құрамына кірді

Бұған дейін ол әлемдік рейтингте ТОП-20 қатарына енді

Экспортпен айналысатын бензин өндірушілері жылдың соңына дейін акциз салығынан босатылды

Бұл ҚР үкіметі қабылдаған жаңа заңда көрсетілген

Қызылорда облысының экс-әкімі қамауға алынды

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген

Қазақстан Қытай азаматтарына арналған 72 сағаттық визасыз режимді алып тастады

2018 жылдан бастап Қытай мен Үндістан азаматтары елде 72 сағат визасыз жүре алады

Түркістан облысындағы блок-бекеттер: Тоқтаусыз көлік ағымы азаяр емес

Әсіресе, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан келген көліктерді жіті бақылауға алыныпты

Қытайда тәулік ішінде тек 1 адамнан коронавирус табылды

29 наурызда Қытай билігі коронавирус індетінің аяқталғанын мәлімдеді

"Қалыңдығым мұңайды": Қуыршаққа үйленбекші болған қазақстандық бодибилдер карантин үшін тойларын кейінге шегеріпті

Жастар тойларын сәуір айында жасамақшы
Çàãðóçêà...