Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында карантин күшейтілді

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 маусымдағы № 24 бұйрығымен аймақта шектеу шаралары күшейтіліп, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин қайта енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шешімге сәйкес, қаулы 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қояды және он төрт жасқа толмаған балалардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп жиналуға болмайды. 

"Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, жағалауларда жүруіне тыйым салу. Қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, скверлердің, жағалаулардың, субұрқақтардың және азаматтардың басқа да демалыс орындарының жұмысын тоқтату шаралары жүргізіледі", - делінген құжатта.



Сонымен қатар, аптаның алты күні ішінде сағат 10-нан 17-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы шектеледі. Аптаның жетінші күні санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасау үшін олардың қызметі толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ, 10-нан 17-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектеулі болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр