“QazaqGaz Aimaq” АҚ газға өз бетінше қосылуға қатаң тыйым салынатынын және оның адам өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін ескертеді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету тек лицензиясы бар мамандар тарапынан жүзеге асырылуға тиіс.
Түркістан облысында газ жарылып, үш қабатты үйді тас-талқан етті (видео)

Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды. Төтенше жағдай 30 қазан күні Шәуілдір ауылында кешке болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа адамдардың газ жүйесіне өз бетінше қосылуы себеп болған.
“Бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтер бүлінді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"