Түркістан облысында ер адам әйелді пышақтап, қомақты қаржы салынған сөмкесін ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтанда Тұркістан облысында әйелді пышақтап, ақшасын ұрлап кеткен ер адам ұссталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, ауруханадан пышақ жарақатын алған әйелдің түскені туралы ақпарат түскен. Анықталғандай, зардап шеккен әйелдің үйіне белгісіз ер адам келіп, өлтіретінін айтқан. Кейін пышақтап, үйіндегі ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 4 миллион теңгеге жуық.
Қылмысты ашу үшін тәжірибелі полицейлер жұмылдырылған. Іздеу шаралары жүргізіліп, қылмыс орнынан кетіп қалған күдікті ер адам анықталды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні Нұр-Сұлтан қаласынан ұстады. Ұсталған Сарыағаш ауданының тұрғынын тінту кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігі мен өзге де заттай айғақтар табылған.
Қазір Қылмыстық кодекстің 192-бабы, 3-бөлігі (Қарақшылық) және 24-бабы, 3 бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігі (Қастандық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.