Түркістан облысында егде жастағы ер адам жоғалып кетті
5 қаңтарда Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Түркістан облысы ТЖД басшылығы мен Түлкібас, Сайрам аудандарының полицейлері іздестіру шараларына жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды.
Белгілері: қара қалпақ, қара күрте, қара шалбар, аяғында қара резеңке галош. Бойы шамамен 160-167 сантиметр.
"Егер сізде жоғалған қария туралы ақпарат болса, дереу 8-(72538)-5-28-37, 8-771-600-00 05 телефондарына немесе 102 полицияға хабарласыңыз", - делінген полиция хабарламасында.
Талқылау

Маңғыстауда тұрғындардың үйлерін, көшелерін қоңыз басты: Аумақтық инспекция жәндіктермен күресті халықтың өзіне қалдырды (видео)
Алайда тиісті органдар қоңыздармен тұрғындардың өзі күресуі керек екенін айтты

Биыл жазда шетелде демалу құны қанша? Вьетнам арзандап, ал Түркия қымбаттаған
Вьетнамға рейстер саны 3 есе артты