"Аямай ұрып, соққыға жықты": Түркістан облысында бір отбасын көршісі бастаған бірнеше адам жабылып ұрып кеткен
Фото: коллаж/t.me/egovpress
Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғыны отбасын сегіз адам жабылып ұрып кеткенін мәлімдеді. Айтуынша, әлгі адамдарды көршісі бастап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Telegram-дағы Egov.Press арнасының жазуынша, сегіз шақты адам бөтеннің үйіне басып кіріп, бүкіл отбасын соққыға жыққан. Оларды ауыл тұрғындары арашалап алған. Арнада бір жәбірленушінің видеоүндеуі жарияланды, видеоүндеуде өзі, анасы, әкесі және досы да зардап шеккенін айтады.
Оның айтуынша, шабуылдаушылар оларды бір сағат бойы ұрып-соққан, зардап шеккендер көптеген жарақат алған (миы шайқалған, бася жарылған, қолы сынған). Ата-анасы, өзі және досы жергілікті ауруханаға барған кезде, жәбірленушінің мәлімдеуінше, оларға тиісті медициналық көмек көрсетілмеген, өйткені сол медициналық мекемеде оларға шабуыл жасаған көршісінің қарындасы жұмыс істейтін болып шыққан. Сондықтан олар қаладағы ауруханада емделуге мәжбүр болған.
Зардап шеккен тұрғын жергілікті полицияға арыз жазғанын, бірақ полицейлер шабуыл жасағандарға шара қолданғысы келмей отырғанын алға тартты. Ал күдіктілер қоқан-лоқы көрсетуін тоқтатпаған.
Облыстық полиция департаменті денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Оқиғаға қатысушылардың барлығы полицияға жеткізіліп, жауап алынды. Көршілер арасындағы кикілжіңге тұрмыстық жағдай себеп болған. Қазіргі уақытта тараптардың уәждері зерделеніп, барлық мән-жайды анықтауға қажет шаралар қабылдануда. Тергеу қорытындысы бойынша олардың іс-әрекетіне заңды баға беріліп, іс материалдары сотқа жолданады", – делінген полиция хабарламасында.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
