Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған (видео)

Видеодан скрин

Түркістан облысында белгісіз ер адамдар 12 жастағы қызды көлікпен аңдыған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Сарыағаш ауданына белгісіз біреулердің көліпен 12 жастағы қызды қуғаны айтылған видео тарады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көшеде 12 жастағы қызға белгісіз ер адамдар жақындап, оны үйіне жеткізіп салуды ұсынған. Мектеп оқушысы бас тартқаннан кейін олар қызды артынан жүре бастаған.

Оқиғаға бей-жай қарамаған ауыл тұрғындары араласқаннан ер адамдар қызды аңдуларын тоқтатқан. Оқиғаның видеосы көп ұзамай ауыл чаттарында таралып, тұрғындардың алаңдауына себеп болды.

Күдіктілер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 19:45