Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
Қолайсыз ауа райының кесірінен Түркістан облысында мыңдаған үй жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлім етті.
"Түркістан қаласында, сондай-ақ облыстың жеті ауданында ауа райының нашарлауына байланысты 44 708 абонент электр жарығынсыз қалды", - деп хабарлады ведомстводан.
Мәселені шешу үшін оқиға орнына он бригада, 11 техника, 43 маман шықты. Нәтижесінде 39 750 абоненттің үйіне жарық қайтарылды. Қалған 4958 абонентте қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
- Жамбыл облысында қатты дауыл салдарынан 17 жастағы жасөспірім көз жұмды
- Тараздағы дауыл салдарынан екі бала ауыр жарақат алды
"Облыс тұрғындары мен қонақтарын метеорологиялық ескертулерге сүйенуге, сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамын. Алыс сапарға шыққанда көлікті қысқы ауа райына дайындау керек. Жүргізушілерді жылдамдықты асырмауға шақырамын", - деді Сарыбаев.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған республикалық және облыстық маңызы бар жолдар енді қайта ашылды. Жолда қолайсыз ауа-райына тап болған тұрғындар үшін әрқайсысында 30 адамға дейін сиятын төрт жылу пункті орнатылған.