Түркістан облысында 13 жастағы қыз Павлодар облысына қашып кеткен
Түркістан облысында отбасылық жанжалдан кейін үйінен қашып кеткен 13 жастағы қыз Павлодар облысынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Павлодар облысы Аққулы ауданының полицейлері таксимен Семейге кетпек болған 2009 жылы туған қызды тапты. Жасөспірім Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұрады. Анасымен жанжалдан кейін өзімен заттарын және 70 мың теңге алып, 21 маусымда үйінен кетіп қалған", – деп мәлімдеді Павлодар облысы жергілікті полиция қызметі ерекше тапсырмалар басқармасының аға инспекторы Бибігүл Қамзина.
Павлодар облысында жыл басынан бері өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін 200 ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”