Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркілердің пайда болу тарихы

Түркілер – қазіргі түрік, өзбек, қазақ және басқа да азиялық ұлттардың арғы тегі. Еуразияны мекендейтін халықтардың тарихи басым бөлігі қазіргі Ресей аумағын өзінің бағзы замандардағы отаны санауы тиіс. Тарихшылардың пікірінше, дәл осы жер, Бурятия мен Тува, Алтай мен Оңтүстік Сібір – түркілердің отаны.  

Түркілердің шығу тегі қандай

Этнонимнің қағазға түсуі

«Түрік» этнонимін алғаш рет 542 жылы қытайлар өз жазбаларында қолданды деп саналады. Арада 24 жыл өткеннен кейін византиялықтар түркілерді ұлыс ретінде көрсеткен. 568 жылы түрік қағаны Естеми Византия императоры ІІ Юстинианға елшілерін жіберді. Түркітанушылар «түрік» термині «күшті», «мықты» деген мағынаны аңғартатынын айтады. 

Олардың түрі қандай болған

Қазіргі түріктер, әзірбайжандар, өзбектер мен қазақтардың арғы тегінің бет-әлпеті моңғолоид типті болған. Олардың моңғолдармен қарым-қатынасының тарихпен дәлелденген басқа да ерекшеліктері бар – жазба деректерде түркі тілдері моңғолоидтардың тілдерімен өзара байланыста көрсетілген.

Заманауи түріктер моңғолоидатарға ұқсай бермейді. Көбіне олар аралас келеді. Мысалы, башқұрлар мен татарлар, түркімендер. Қазіргі түріктер, әзірбайжандар мен ғағауыздардың да бет-әлпетінде моңғолоид типіне тән айқын ерекшеліктер байқалмайды. Оның өзіндік себебі де жоқ емес, 
Түрік республикасы құрамына енген Византия өз кезінде басқыншылық жорықтардың нәтижесінде селжұқтар мен византиялықтарды бір-біріне ұқсатып жіберген. Соның салдарынан ұлыстар араласып, мұнан кейін энтикалық симбиоз пайда болған. 

Ұлыстың таралған аймағы

Ішкі Азия мен Оңтүстік Сібір – түркілердің кіші отаны. Бұл аумақтық жер уақыт өте келе дүниежүзі көлемінде мыңдаған шақырымдық аумаққа ұлғайды. Түркі халықтарының таралған географиялық аумақтарының қалыптасуы екі мың жылдың көлемінде жүзеге асқан. Түріктердің арғы тегі біздің заманымыздан бұрынғы III – II мыңжылдықтарда Еділдің батысында мекендеп, үнемі көшіп жүрген. «Сақтар» мен «ғұндар» да Ежелгі Түрік қағанатының ажырамас бір бөлшегі болған. Олардың ғұрыптық ғимараттарының арқасында бүгінде ежелгі ерте славяндық мәдениет және өнермен таныса аламыз. Олар – түркілердің мұрасы. 

Түркілер дәстүрлі түрде көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, сонымен қатар темір өндіріп, оны өңдеген. Отырықшы және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанған түркілер VI ғасырда Орта Азия жерінде Түркістанның негізін қалады. Орталық Азияда 552-745 жылдар аралығында өмір сүрген Түрік қағанаты 603 жылы екі қағанатқа бөлініп, олардың біріне қазіргі Қазақстан мен Шығыс Түркістан аумағы кірді. Ал екінші қағанат аумағына қазіргі Моңғолия, Солтүстік Қытай мен Оңтүстік Сібір жерлері енген. 

Біріншісі, батыс қағанатын жарты ғасырдан кейін шығыс түркілер басып алды. Түргештердің қағаны Үшелік Түргеш қағанаты аталатын жаңа мемлекетті құрды. 

Мұнан кейінгі уақыттарда түркі ұлысын бұлғарлар, Киев князьдарі Святослав пен Ярослав жойды. Оңтүстік Русь даласын босатқан печенегтерді сары қыпшақтар алмастырды. Оларды моңғол-татарлар жеңді...  Кейіннен Алтын орда түркі мемлекеті болып, артынша жекелеген хандықтарға бөлінді. 

Түркілердің тарихында басқа да айрықша оқиғалар болған. Олардың қатарында айтарлықтай маңыздысы – Осман империясының құрылуы. Оған XIII-XVI ғасырларда Еуропа, Азия және Африка жерлерін иеленген түркі-османдардың басып алынуы себеп болды. Осман империясы құлағаннан кейін, Петр тұсындағы Ресей бұрынғы Алтын орда жерлерін түркі мемлекеттерімен бірге басып алды.  XIX ғасырда Ресейге шығыс-күнгей кавказдық хандықтар қосылды. Орта Азия, Қазақ және Қоқан хандықтары Бұхар әмірлігімен бірге Ресейдің құрамына енгеннен кейін, Хиуа хандығы Осман империясымен бірге түркі мемлекеттерінің жалғыз қосындысы болды.

Қазіргі ахуалы

Бүгінгі таңда түркі халықтары әлемнің бірнеше мемлекетінде саны бойынша басымдылық танытуда. Бұл тұрғыда Түркия (60 миллионға жуық тұрғын) көш бастап тұр. Мұнан кейінгі орында – Әзірбайжан (ұлыс өкілдерінің саны шамамен екі есе аз). Үшінші орында – Өзбекстан. Сонымен қатар қазақтар, ұйғырлар, түркімендер, татарлар және тағы 10 ұлт түркі халықтарының ұрпағы саналады. 

STAN.KZ
Жұма, 15 Қараша, 2019 14:12
Талқылау