Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түннен бастап кезек күтіп тұр": Астана әкімдігі мектептің алдына адамдардың жаппай жиналуына қатысты мәлімдеме жасады (видео)

Астана әкімдігі қаладағы мектептің алдында ата-аналар мен балалардың жаппай жиналуының себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Желіде Астана қаласындағы мектептердің бірінің алдында ата-аналардың жиналып тұрғаны түсірілген видео тарады. Видеоға қатысты қалалық білім бөлімі мәлімдеме жасады.

Білім бөлімінің мәліметінше, 9 шілдеде "Жайлы мектептер" жобасы аясында салынған Төле би көшесінде ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені) орналасқан №101 орта мектебіне құжаттар қабылдау басталған. Мектеп әлі пайдалануға берілмегендіктен, құжаттарды қабылдау №71 мектепте ашылған.


Астанада мұғалім мектептегі лифт шахтасына құлап кеткен (видео)


"Құжаттар тек қағаз түрінде қабылданды, бұл кезектің пайда болуына әкелді. ЕGov электронды жүйесінде мектепке тіркелу үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған. Қазір ата-анадан құжат қабылдайтындар саны екі есе арттырылды. Сонымен қатар SmartNation құжат қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу жүргізіліп жатыр, ол 11 шілдеде жұмысын бастайды", – делінген ресми хабарламада. 

Білім басқармасының мәліметінше, сегіз жаңа жайлы мектепке онлайн тіркелуге болады:

- № 104 орта мектеп, Орынбор көшесі және № 37 (SOHO тұрғын үй кешенінің ауданы);
- №103 орта мектеп, Мәңгілік Ел даңғылы және E 497 көшесі (Мешіт ауданы);
- №99 мектеп, Қабанбай батыр және Сығанақ қиылысы ("Поколение" тұрғын үй кешені);
- №101 мектеп, Төле би және Е758 көш. ("Зеленый квартал" тұрғын үй кешені);
- №111 мектеп, Төле би - 24 көш. (солтүстік Барыс Арена);
- №106 мектеп,  S-189 және 12-207 көш. 
- №105 орта мектеп, Көктал, Ұлытау – Наурыз көшесі;
- №102 орта мектеп, А.Байтұрсынұлы, №9 құрылыс алаңы ("Highvill" тұрғын үй кешені).

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында 19 мектеп директорының жазаға тартылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау